Мұғалім – мектептің жүрегі
« Мұғалім – мектептің жүрегі»
(Сахна сыртынан Ұстаз туралы өлең оқылады)
Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!
(музыкамен жүргізушілер шығады.)
1- жүргізуші:
Армысыздар құрметті де аяулы ұстаздар!
2-жүргізуші:
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!
Хор: Ұстаз ана
1- жүргізуші:
Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!
2- жүргізуші: Жүздеріңізден күлкі, құшақтарыңыздан гүл кетпесін.
Денсаулықтарыңыз мықты болып, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!
БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!
Сіздердің құрметтеріңізге 5 - сыныптың биін қарсы алыңыздар.
1-жүргіуші:
Сен қалай ойлайсың? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
2-Жүргізуші:
Мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы, – деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
1-жүргізуші:
Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
4- сынып оқушыларының орындауында «Ұстаз» туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар! (Тұлғамды)
2-жүргізуші:
Екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?
1-жүргізуші:
Ал ендеше баста.
2-жүргізуші: «Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,
1-жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»
2-жүргізуші: «Аспаз көрген ас таныр, ұстаз көрген хат таныр»
1-жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»
2-жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»
1-жүргізуші:
Екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.
1-жүргізуші:
Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға
Тарап демде кетеді шаршауың да
Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер
Тұрғанында солардың қоршауында
6-8 сынып ұлдарының биін қабыл алыңыздар
2-жүргізуші:
Қиындықта кезіксең көп асу да
Қанша терің төгіліп жол ашуға
Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,
Сен өмірдің ұстазы боласың да!
1-жүргізуші:
«Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
2-жүргізуші:
Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.
1-жүргізуші:
Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан.
Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған.
Бала десе ойламайды өз қамын
Керсем дейді күнге де кол созғанын
Шәкірттерін өзінен де озғанын.
5-сынып қыздарының әнін қабыл алыңыздар
2- жүргізуші:
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
Сіздердің құрметтеріңізге арналған 8-9 сыныптың әсем биін қабыл алыңыздар.
1- Жүргізуші:
Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.
Әзіл – қалжың отауы. ҰСТАЗДАР ӨМІРІНЕН.
Мұғалімдер кім болуды армандайды?
Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы, немесе еден сыпырушы болуды армандамайды. Өйткені:
-Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қармағында 3-4 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, – дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады.
-Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.
-Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі, сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.
-Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас.
-Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері.
Ұстаздарымыз сан алуан қосымша мамандықтар меңгеруде. Ендеше қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса, 2-3 айлық жазғы демалыс кезінде біздің ұстаздарды шақыруларыңызға болады.
6-сынып оқушысы Зәмзәгүлдің орындауында «Меніме биле» әні сіздердің құрметтеріңізге
2- жүргізуші:
Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?
1- жүргізуші:
Сен сонда ұстаздарымызбен орнымызды ауыстырып көрсек қайтеді дегің кеп тұр ма?
2- жүргізуші:
Иә, иә, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын, біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.
1-жүргізуші:
-ендеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз. /Мұғалімдерге шарлар үлестіріледі. Әр шардың ішінде сұрақтар бар. Мұғалімдер шарды жарып, сұрақтарға жауап беруі керек/.
Сұрақтар: .............................
1-жүргізуші
Көп рахмет сіздерге, ұстаздар! Барлығыңыз да емтиханнан сүрінбей өттіңіздер.
2-жүргізуші:
Ұстаз мектепте ұстаз болса, отбасында ол -аяулы ана,ардақты әке. «Ана мен әке» туралы ән сіздерге арналады, құрметті ұстаз!
Орындайтын 4 сынып оқушысы Темірлан қабыл алыңыздар
1-жүргізуші:
Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Төгілген арай, шуағым.
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын.
2-жүргізуші:
«Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.
5-9 сынып биші қыздарын қарсы алыыздар
2- жүргізуші:
Қадіріңді кезінде
Білмепті ғой ұланың.
Қазір әрбір сөзіңе,
Елеңдейді құлағым.
Бірдей етіп ұстадың.
Демей бізге бөтенсің.
Кейде акылын ұстаздың,
Сағынады екенсің.
Сол ұстазға жаны нұр,
Демек үлкен адаммын.
Есейсек де бәрі бір,
Баяғы шәкірт, балаңмын, -деп қанша есейіп кетсек біз сіздерді ешқашан ұмытпаймыз.
1-жүргізуші:
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Биік сенің ұстаздық қасиетің,
Мінезің жоқ қиынға бас иетін.
Өмірге тәрбиелеп құлшындырған,
Жадымызда сақталар өсиетің
2-жүргізуші:
Ұстазым – саф алтын, діңгегім,
Мәңгілік өзіңмен біргемін.
Бүгінгі мереке күніне
Сәл ғана құрметіміз бұл біздің, - дей отыра
Еркеназ бен Шолпанның орындауында «Мереке» әнін қабыла лыңыздар.
2-жүргізуші Мерекелеріңіз құтты болсын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!