Толық ондықтар мен жүздіктерді көбейту және бөлу
Күні: 26.01.2017ж
Сынып:3
Пәні: Математика
Пәні мұғалімі: Мақұлбекова П
Сабақтың тақырыбы: Толық ондықтар мен жүздіктерді көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаты: Кестеден тыс көбейту амалдарымен таныстыру, есептеу дағдыларын жетілдіру.
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.
Осы сабақта қаралуға тиісті барлық мысалдардағы амалдар ондықтармен, жүздіктермен орындалады, демек, кестелік есептеуге сәйкес, сондықтан көбейту және бөлу кестесін қайталаудан бастауға болады. Содан кейін санда неше ондың, неше бірлік, керісінше, бір жүздікте немесе бірнеше жүздікте неше бірлік бар екенін анықтауға арналған пысықтауға берілген жаттығуларды орындайды.
Кестелік көбейту және бөлуді пысықтау мақсатында «Компьютер», «Қай қатар мықты?», «Математикалық волейбол» ойындарын жүргізуге болады және №1 және №3 тапсырмалар ауызша есептеуге арналған.
«Қандай ұшақта ұшқаныңды анықта» деген жаңа ойынды ұйымдастыруға болады. Ойынның мақсаты: кестелік көбейту және бөлу дағдыларын бекіту.
Ойынға жауаптар жазылған ұшақтардың суреті қажет болады: 61, 25, 70, 18, 63, 60, 900, 50, 36, 35, 49, 28, 6, 42. Мұғалім карточкада жазылған мысалдарды шығаруды ұсынады және оқушы ұшақтардың қайсысымен ұшу керектігін анықтайды.
7 • 10 - 9, 6 • 3 + 7, 90 : 9 • 7, 54 : 6 + 9, 900 : 100 • 7, 24 : 4 • 10, 81 : 9 • 100, 35 : 7 • 10, 63 : 7 • 4, 28 : 4 • 5, 42 : 6 • 7, 700 : 100 • 4, 540 : 10 : 9, 380 : 10 + 4.
- Жаңа сабақты түсіндіру.
Дайындық жаттығулардан кейін оқушылар оқулық бойынша (№3 тапсырма) өз беттерінше осындай өрнектердің есептеу алгоритмін анықтай алады. Алғашқы бекіту үшін № 4 (1-ші және 2-бағандар) тапсырмалар тақтада түсіндіріле отырып орындалады, ал қалған мысалдарды өз беттерінше орындайды.
- Бекіту.
Мұғалімнің басшылығымен шешуге №5 тапсырмадағы (а)
есепті беруге болады. №6 тапсырманы оқушылар өздігінен орындайды, соңынан тексеріледі.
Содан кейін мұғалім №7 тапсырмаға берілген суреттер бойынша өрнектер құруды және өрнектердің мәнін табуды тапсырады.
- Өткен тақырыппен жұмыс.
№8 логикалық есепті шығару үшін кесте құру керек.
Жәшіктің түсі |
1 |
2 |
3 |
4 |
Ақ |
- |
- |
- |
+ |
Қызыл |
- |
+ |
- |
- |
Қара |
- |
- |
+ |
- |
Жасыл |
+ |
- |
- |
- |
Пайымдау мынадай үлгіде жүргізіледі: «Жазулардың дұрыс емес екендігін ескеріп, 1-жәшікте ақ шар емес, 2-жәшікте жасыл да, ақ та емес, 3-жәшікте қызыл да, жасыл да емес, 4-жәшікте көк те, жасыл да, қызыл да емес, демек, 4-жәшікте — ақ шар. Бұдан бір де бір шар ақ бола алмайтынын біле отырып, 3-жәшікте қызыл да, жасыл да, ақ та емес деген қорытынды жасаймыз, 3-жәшікте - көк шар. 2-жәшікте жасыл да, ақ та, көк те емес, демек, 2-жәшікте жасыл да, ақ та, көк те емес, яғни, 2-жәшікте - қызыл шар, ал 1-жәшікте - жасыл шар.
- Өздік жұмыс үшін оқушыларға №4 (3, 4-баған) тапсырма беріледі, соңынан тексеріледі.
- Сабақты қорытындылау.
- Бүгінгі сабақтағы негізгі мәселе не болды?
- Сабақта не қызықты болды?
- Үйге берілетін тапсырма қандай болуы тиіс?
Үйге не беру керектігін оқушылардың өздері анықтағаны
маңызды (№5 (ә, б) тапсырма).