«Өсімдіктер әлеміне саяхат»
Пәні: Биология
Сынып:6
Тақырыбы: «Өсімдіктер әлеміне саяхат»
Сабақ мақсаты:
Оқушылардың өсімдіктер жайындағы білімін кеңейту, тереңдету, өзі тұратын өлкенің өсімдіктерін күтіп баптауға тәрбилеу, туған өлкенің өсімдігін зерттеп, оның қадір-қасиеті, пайдасы туралы логикалық ойлау қабілеттерін артырып «Өсімдіктер әлемімен қоштасу» жарыс сабағын және өсімдіктерді қорытындылау.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс
Көрнекілігі: компьютер, слайд, экранды тақта, топтастыру.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру бөлімінде сынып оқушылары үш топқа бөлінеді: «Ақ алтын», «Алтын дән», «Саябақ». Топ жетекшілері және сайланады қазылар алқасы сайланады. Әрбір топ аттарына сәйкес төс белгілерін тағады. Сондай-ақ «Өсімдік әлемі» рөлін ойнайтын оқушы лайықты бейнеленген киім киеді.
Мұғалім сөзі: Топтармен таныстырып оларды орындарына жайғастыру. Сабықтың барысымен таныстыру. Сабақ жарыс түрінде өтпек. Жарыс бірнеше кезеңдерден тұрады. Үш топ кезеңдердегі сұрақтарға жауап беру арқылы кезеңнен-кезеңге өтеді.
І кезең. «Шығармашылық жұмыстар» (үй тапсырмасы)
ІІ кезең. «Дүниедегі ең, ең» (сауалғы тапсырмалар)
ІІІ кезең. « Сандық сұрақтар» (сұрақ-жауап)
ІY кезең. «Асық лақтыру» ойыны
Y кезең. «Сергіту сәті» (өсімдікке байланысты сөз құрау)
YІ кезең. «Футбол» ойыны
YІІ кезең. Венн диаграмма (қорытындылау)
Мұғалім сөзі: «Өсімдіктер әлемімен қоштасу» жарыс сабағын бастауға рұқсат етіңіздер. Ондай болса ортаға (өсімдікке байланысты киім киінген) «Өсімдік әлемін шақырайық»
«Өсімдік әлемі»: - Ал балалар сендер мені осы уақытқа дейін оқып, құрылысыммен, түрлеріммен танысып, олардың пайдасы мен зиянын және өсімдектердің саналуандылығымен таныстыңдар.Оларды айта кетсем өсімдік жасушалары, өсімдік ұлпалары, өсімдіктердің өсімді мұшелері, тамырдың сабақтың түрлері, өсімдіктердің фотосинтез құбылысы, гүл формулаларымен және тағы да басқа тақырыптарымды оқып міне енді олармен қоштасып «Жануарлар әлемін бастамақсыңдар». Ондай болса қоштасар алдында өсімдіктер жайындағы алған теориялық және практикалық білімді қалай меңгергендеріңді көрейік.
І кезең. «Шығармашылық жұмыстар». Бұл кезеңде үш топқа арнайы үй тапсырмасы берілген, әр топтың жетекшілері үйге берілген тапсырмамен таныстырып өз топтарын қорғайды, әділ қазылар алқасы ұпайларын бере отырады (тақырыпқа байланысты көрнекіліктер жасауға болады мысалы; буклет топтастыру және т.б.)
ІІ кезең. «Дүниедегі ең, ең» (сауалғы тапсырмалар) Үш топ сұрақтарға жауап беру. Әр топқа 3 сұрақтан қойылады. Дұрыс жауап 5 ұпай мен бағаланады.
«Ақ алтын» тобының сұрақтары:
- Ең ұзын шырмалғыш өсімдік.(Лиана)
- «Өсімдік пионері» деп қай өсімдікті айтады ?(Қына)
- Ең тез, жылдам өсетін өсімдік.(Бамбук тәулігіне 1 метр өседі)
«Алтын дән» тобының сұрақтары:
Күн баласы атанған қай өсімдік ? (Күнбағыс)
Француз ханшасы қандай өсімдікпен өзін әшекейлеген ? (Картоп гүлімен)
Ең жуан сабақты өсімдік (Баобаб)
«Саябақ» тобының сұрақтары:
Ең жеңіл сабақты өсімдік ? (Бельса ағашы оның 5 метірін бір адам өзі ғана көтере алады)
Дүниедегі ең биік ағаш ? (Эвкалипт)
Ең ұзақ жасайтын ағаш? (Емен, 2000жыл)
ІІІ кезең. «Сандық сұрақтар». Сандарға байланысты сұрақ құрастырылады және дұрыс жауабын тапқанда өсімдіктерге байланысты сөз шығады. Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі жауап берген топқа. (үш топтан әр оқушы сандарға байланысты сөйлемдер құрастырады мысалы; егер 2 саны болса оған өсімдіктің мүшелері 2-ге бөлінеді өсімді және көбею деп жауап қайтара алады.)
2 - өсімдік мүшелері екіге бөлінеді өсімді және көбею
1981ж - өсімдіктерге арналған Қазақстанның «Қызыл кітабы» жарық көрді.
3 - өсімдік тамыры шығу тегіне қарай 3-ке бөлінеді олар негізгі тамыр, жанама тамыр, қосалқы тамыр.
2 - тамыр жүйесі 2-ге бөлінеді кіндік тамыр, шашақ тамыр.
1630ж - күн энергиясының қатысуымен болатын құбылыс фотосинтез ашылды.
6 - гүлді өсімдіктердің бөлімдері 6-бөлімге бөлінеді гүл сағақ, гүл табан, тостағанша жапырақша, күлте жапырақша, аталық, аналық .
1665ж - өсімдік жасушасы анықталды
4 - өсімдік жасушасының құрылысы 4-ке бөлінеді олар цитоплазма, ядро, пластидтер, вакуольдер
6 - өсімдік ұлпалары 6-ға бөлінеді түзуші ұлпа, жабын ұлпа, негізгі ұлпа, тірек ұлпа, өткізгіш ұлпа, бөліп шығарушы ұлпа.
2 - тұқым жарнақтары 2-ге бөлінеді қосжарнақты, даражарнақты.
6 - қосжарнақты тұқымның құрылысы 6-ға бөлінеді қабығы, екі жарнағы,
ұрығы, алғашқы тамырша, алғашқы сабақша, бүршікше.
60 -70см – алма, алмұрт ағаштарын 60-70см тереңдікте егіледі.
60 - 90% - цитоплазма құрамында су болады.
1978ж – «Қызыл кітап» тұңғыш рет шықты.
303 – 1981 жылы өсімдіктерге арналған «Қызыл кітап» өсімдіктердің 303 түрі тіркелді.
4 – тамыр бөлімдері 4-ке бөлінеді бөліну, өсу, сору,өткізу.
2 – бүршік екіге бөлінеді өсу бүршік, гүл бүршік.
4/3 – сабақтың ішкі құрылысы 4-ке бөлінеді қабық, камбий, сүрек, өзек. Ал қабықтың өзі 3-ке бөлінеді өң, тоз, тін.
ІY кезең. «Асық лақтыру» ойынында гүлдердің құрылысын қайталау және гүл формуласын құру. Әр топтан 2-кі оқушы шығады және екі асық қызыл немесе көк асықты таңдайды қандай түстегі асық көлденең түссе сол түстегі жасырын сұраққа жауап береді. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
Ү кезең. «Сергіту сәті» . Бұл кезеңде 3 топтың атына өсімдіктерге байланысты сөз құрастырады, ән тыңдалады. Артқы бетінде деңгейлік сұрақтар беріледі жазбаша жауап беру І деңгей ІІ деңгей ІІІ деңгей . Мысалы:
Аталық А С
Қ Л А
Т Я
А Ы Б
Л Н Қ
Т
Ы Д
Н Ә
Н
ҮІ кезең. «Футбол» ойыны ойынның шарты топ басшыларына 10 сұрақ қою арқылы гол соғу, яғни дұрыс жауап гол болып есептеледі. Бұнда 10 сұрақтың нешеуіне дұрыс жауап берсе сонша ұпай ала алады.
«Ақ алтын» топ басшысының сұрақтары.
Биология оқулығында тірі ағзалардың ірі екі тобы / өсімдіктер және жануарлар
Өсімдік ұлпалары бөлінеді / 3-ке ұлпа, мүше, ағза.
Зоология зерттейді / жануарларды
«Қызыл кітап» үшінші басылымы /1996ж
Жапырақ өсімдіктің / өсу мүшесі
Күлте жапырақша орналасады / тостағаншадан кейін орналасады
Бір гүлде аталық пен аналық болса / қосжынысты деп аталады
Үстірт қорығы орналасқан /Маңғыстауда
Хлоропластта бар жасыл пигмент /хлорофилл
10.Тек жарықтың көмегімен көрсетеді / жарық микроскобы
«Алтын дән» топ басшысының сұрақтары.
Өсімдіктерді зерттейтін ғылым / Ботаника
Жабын ұлпа бөлінеді / 3-ке өң, тоз , қыртыс
Бүршік арқылы будандастыруды / телу деп атайды
Тостағанша қандай түс береді / жасыл
Хлоропласт бұл / өсімдікке жасыл түс береді
Алматы қорығы орналасқан /Іле Алатауда
Бір жасушлы деп аталуы / денесі бір ғана ядродан тұратын ағзалар
Тамырдың ең үшы /тамыр оймақшасы
Тамырсабақ бұ- /жапырақ шығармайтын жер асты өркен
10.Фотосинтез бұл- /күн энергиясының қатысуымен болатын құбылыс
«Саябақ» топ басшысының сұрақтары
Тұқымда бір ғана жарнақ болса /дара жарнақты деп аталады
Тамыр бұ- /өсімдіктің жер асты мүшесі
Биология зерттейді /тірі ағзаларды
Алакөл қорығы орналасқан /Алматы облысы, Талдықорған
Телудің неше түрі бар /3. жанастыра телу, кескінділеп телу, көзшелеп телу
Жемістер бөлінеді /құрғақ және шырынды
Қабықшаның жұқарған жері /саңылау деп аталады
Тыңайтқыштар бөлінеді /органикалық және минералды
1665 жылы анықталды /өсімдік жасушасы
10.Пластидтер бөлінеді /3-ке. хлоропласт, хромопласт, лейкопласт.
YІІ кезең. Венн диаграмма қорытындылау бөлімі 3 топтың оқушыларына «Өсімдіктер» венн диаграммасы беріледі.
Өсімдіктер
Пайдасы Зияны