«Ән-көңілдің ажары» әндер сайысы.
«Ән-көңілдің ажары» әндер сайысы.
Мақсаты:Мектебіміздегі әнші,өнерлі оқушыларды анықтау. Оқушылардың әнге деген қызығушылығын, әншілік қабілетін арттыру. Өнерге біртабан жақындату.
1 - жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ән сүйер қауым!
2 - жүргізуші: Қадірменді ұстаздар және оқушылар! .Баршаңызға бүгін өзін-өзі тану апталығына арналып өткізілгелі отырған «Ән-көңілдің ажары» ән сайысына қош келдіңіздер демекпін.
1 - жүргізуші: Табиғаттың тебіренген, қуанған шағының перзенті - әнші десек, сол перзенттің иесі де, іздеушісі де халқы.
2 - жүргізуші: «Ән -көңілдің ажары десек» кәусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағынышты да осы әннен табасыз.
1-жүргізуші:
Көңілдері марқайып бір қалсыншы
Өнерпаздар шырқап әнге салсыншы.
2-жргізуші:
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздегі береке мен тыныштық мәңгі жасасын.
Иә қазақ халқы өнерді жоғары бағалап, оларға ерекше құрмет көрсеткен.
1-жүргізуші:
Менің ойымша оған бірінші дарын, икемділік, жұртшылықты өзіне қарату, ерекше сезім иесі және терең білім мен шеберлікті қажет етеді.
Ендеше біздің мектебімізде осындай өнерлі балалар бар ма?
2-жүргізуші:
Олай болса тұрмайық сайысымызды бастайық.
Талаптының айтқанын мен қостайын,
Бәріңізге жақсы бір ой тастайын.
"Ән- көңілдің ажары" деген бар ғой.
Бұрынғының жолымен ән бастайын,- дей келе ортамызға 9-сынып қыздарын «Мереке» әнімен қарсы алайық.
1-жүргізуші:
Қазақ халқында әншілік, бишілік, сазгерлік, ақындық қасиеті тоғысқан сегіз қырлы бір сырлы жандарды «өнерлі» деп атаған. Ендеше, осы өнер қайдан шығады?
2- жүргізуші:
Сен бір нәрсені айтпай тұрсың. Қазақта «Асыл тастан, өнер жастан» деген мақал бар. Қай өнер болса да жастайынан машық болу керек.
1-жүргізуші:
Жас дәуірдің түлегіміз,
Ән салу біздің өнеріміз
Әрқашанда аман бол,
Осы біздің тілегіміз- дей келе «Қазақстан» әнімен 8-сынып ұлдарын ортаға шақырамыз.
1- жүргізуші:
Ертең-ақ мен ержетіп,
Әншілердей боламын.
Үлгі тұтып жақсыны,
Менде әнге саламын,-дей отыра 1-2 сынып оқушыларын қарсы алыңыздар.
1- жүргізуші:
Ауылымның аңсаймын,
Таңғы жұпар ауасын.
Шаршағанда жаныма,
Өзің ғана дауасың,
Орындап ата-ана өсиетін
Баламын жасы үлкенге бас иетін
Паш етем ер жеткен соң бар әлемге
Жаңарған нағыз қазақ қасиетін, -дей келе 5-сынып ару қыздарын «Әке-Ана» әнімен ортаға шақырамыз.
2 - жүргізуші:
Қыз сұлу көрінеді өрнегімен,
Тізілтіп сөз маржанын тергенімен.
Жезтаңдай, бұлбұл даусын әнге қосса,
Әнші сұлу көрінер әніменен
Құлпырған еліміздің ұл – қызымыз,
Әзірге үлпілдеген құндызымыз.
Арасын жер мен көктің бағындырар,
Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз – дей отырып ортаға 6-сынып қыздарын шақырамыз.
1 - жүргізуші:
Музыка - ырғақ, нәзік әуен, асқақ үн.
Музыка - өзен, дала, аспан үн.
Ғұмыры жоқ ырғақтардан басқаның!
Кәне, әншілер, бас әуенге, қос әнге,
Шырқат биік тіршіліктің дастанын.- деп жеткізеді ақын апамыз Фариза Оңғарсынова музыка өнеріне деген махаббатын. Сонымен әнші қызымыз Жансаяны «Әпке» әнімен қарсы алыңыздар.
2 - жүргізуші: Біздерде ән кешіміз жалғасады,
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды - дей келе ортаға Темірланды ортаға шақырамыз.
1 - жүргізуші:
Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы әнмен, тәтті күй.
Көңілге түрткі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
Ажары атқан таңдай ару жастың,
Қасы бар қанатындай қарлығаштың.
Жанары жан біткенді елтіп өскен,
Шапалақ өнеріне әнші жастың - дей келе «Ән-көңілдің ажары» атты сайысымыз осымен өз мәресіне келіп жетті.
2-жүргізуші:Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар,баршаңызға көп рахмет!!!