: MICROSOFT WORD мәтіндік редакторы. Жаңа құжаты құру, сақтау, ашу. Құжаттарды форматтау. Мәтінді пішімдеу және редакциялау.
Күні: 16,02,2017 сынып:8 Информатика
Пән мұғалімі: Сарыбаев Н.Қ
Сабақтың тақырыбы: MICROSOFT WORD мәтіндік редакторы. Жаңа құжаты құру, сақтау, ашу. Құжаттарды форматтау. Мәтінді пішімдеу және редакциялау.
Сабақтың мақсаты:
1)Білімді қалыптастыру: оқушыларға MICROSOFT WORD мәтіндік редакторы жайлы түсінік айту, мәтіндік редакторды іске қосуды, мәтінмен жұмыс істеуді, мәтінді ерекшелеуді үйрету.
2) Тәрбиелік: еңбекке баулу, мамандыққа бағдарлау, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсінуге, адамгершілік, патриоттық, ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдауға, үлкенге сый – кішіге жол көрсетуге тәрбиелеу.
3) Дамытушылық: жеке тұлғаны, танымдық қызығушылықты, еріктілікті, жалпы қабілеттілікті, сезімді дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, видеопроектор, дидактикалық материалдар,
суреттер, мәтіндік редакторлар.
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Мәтіннің қандай түрлері бар?
- Мәтіндік редактор дегеніміз не?
- Мәтіндік құжат компьютерде қандай технологиямен өңделеді?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
WORD — Windows үшін кең тараған мәтіндік процессор.
WORD пішімдеуді орыyдауды едәуір жеңілдететін, көптеген құралдардың көмегімен мәтінді өңдейтін бұрын көрмеген мүмкіндіктерді ұсынады.
MICROSOFT WORD ІСКЕ ҚОСУ
MICROSOFT WORD -ты іске қосу үшін келесі амалдардың тізбегін орындайды Пуск® Программы® MICROSOFT WORD
MICROSOFT WORD іске қосылған кейін экранға құжаттың мәтінін бірден теруге болатын бос терезе ашылады.
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС АТҚАРУ
Қүжаттың мәтінін терместен бұрын, WORDPAD-тағы сияқты каріпті, қаріп өлшемін, есептер панелінде пернетақта индекаторын бекіту қажет.
Мәтінді енгізген уақытта қатардың соңында <ENTER> пернесін басу қажет емес. < ENTER > пернесін абзац соңында көрінбейтін символ — абзац соңында маркер қою ұшін басу кажет.
7-сыныпта WORDPAD мәтіндік редактормен жұмыс аткарғанда, мәтінді сақтау және алдын ала құрылған мәтінді ашу операцияларын меңгердіңіз.
Өз мәтініңізді сақтау үшін мына тапсырмаларды орындаңыз:
- Личная ФИО, (мұндағы ФИО сіздің аты-жөніңіз) атты өз қапшығыңызды құрыңыз.
- Файл => Сохранить как (алғашқы рет сақтау командасы) командасын орындап, осы қапшықта өзіңіздің мәтініңізді РОЗЫ-текст деген атпен сақтаңыз.
- Сохранения документа диалог терезесінде Папка өрісінде айналдыру батырмасы бойынша шертіп, өз қапшығыңыздың атын таңдаңыз, Тип файла өрісінде Документ WORD бекітіңіз, Имя файла өрісіңде файлдың аты РОЗЫ-текст теріңіз.
- Сохранить батырмасы бойынша шертіңіз.
Кейін біз барлық мысалдарды сіздің мәтініңіздің жеке үзінділерінде көрсететін боламыз және негізгі мәтінді бүлдіріп алмас үшін, жаттықтыру тапсырмаларын сақтамауға болады, оны сіз соңғы вариантта жеке бетте алуыңыз қажет болады.
МӘТІНДІК ҚҰЖАТ БОЙЫНША ЖЫЛЖУ.
Мәтіндік редакторда кұжат бойынша жылжу үшін WORDPAD сияқты меңзерді басқару пернелері және арнайы пернелер комбинациясы қолданылады.
Бұдан басқа, құжат бойынша жылжу үшін көлденең және тік айналдыру жолағын да қолдануға болады.
Айналдыру жолағында сырғытпа деп аталатын кішкене квадраттар болады.
Маус батырмасын сырғытпада шертіп, оны босатпастан, қажетті бағытта жылжу үшін сырғытпаны жоғары не төмен (оңға не солға) жылжытыңыз.
Егер сырғытпада маусты шертіп, оның батырмасын басып ұстап тұрса, онда экранда сіздің ауысатын беттің нөмірі көрсетілген кішкене терезеде пайда болады. Үлкен құжатпен жұмыс істеген кезде бұл әдіс құжаттың қажетті жерін жылдам тауып алуға мүмкіндік береді. Егер сізге құжаттың нақты бір бетіне ауысу қажет болса, онда <F5> пернесін басыңыз және пайда болған диалог терезесінде беттің нөмірін енгізіңіз.
Мәтінді енгізу кезінде сіз 7 сыныптан білетін WORDPAD мәтіндік редакторының әдістері қолданылады.
Егер сізге мәтінді өшіру не дұрыс терілмеген символды өшіру қажет болса, онда меңзердің сол жағында орналасқан мәтінді немесе символды өшіруге <ВS> пернесі немесе меңзердің оң жағында орналасқан мәтінді немесе символды өшіруге <Delete> пернелері қолданылады.
Мәтіндік редакторда мәтіннін үлкен блогын да өшіруге болады. Ол үшін өшірілуге тиіс блокты ерекшелейді. Мәтінді ерекшелегеннен кейін, <Delete> пернесін басады (мәтіннің блогын ерекшелеу үшін, блоктың басында маустың батырмасын шертіп, оны босатпастан, блоктың соңына нұсқағышты жылжытады немесе <Shift> пернесін басып тұрып, меңзерді басқару пернелерін шертеді).
МӘТІНДІ ЕРЕКШЕЛЕУ.
Сіз 7-сыныптан білесіз: мәтінде кез келген операцияны орындау үшін оны ерекшелеп алу қажет. Мәтінді ерекшелеудің мынадай әдістері бар:
- Бір ғана сөзді белгідеу үшін, сол сөз бойынша маусты екі рет шертеміз.
- Бүкіл жолды белгіле үшін, бағыттаушы сызықты жолдың басына жылжытамыз да, маусты бір рет шертеміз.
- Сөйлемді белгілеу үшін, Ctrl пернесін басып тұрып, сөйлемнің кез келген жерінде маусты бір рет шертеміз.
- Абзацты белгілеу үшін, абзац бойынша маусты үш рет шертеміз.
- Бүкіл құжатты белгілеу үшін, Ctrl +А пернелерін басамыз немесе Правка => Выделить все командасын орындаймыз.
Құжаттың үлкен бір бөлігін белгілеу үшін, белгіленетін бөліктің басында маусты бір рет шертіп, Shift пернесін басьш тұрып, белгіленетін бөліктің соңында ауысамыз да маусты бір рет шертеміз. Shift пернесін босатамыз.
ІV. Сабақты пысықтау.
Оқушыларға Word программасын іске қосып, мәтінді еңгізуды, мәтіндік құжат бойынша жылжуды, мәтінді ерекшелеуді көрсету.
- Сабақты қорытындылау.
- Мәтіндік редакторды іске қосу.
- Мәтінмен жұмыс атқару.
- Мәтіндік құжат бойынша жылжу.
- Мәтінді ерекшелеу.
VІ. Үйге тапсырма.
Тақырыпты оқу, түсінік жазу.
VІІ. Оқушыларды бағалау.