«Біз барлық соғыс ардагерлерін еске аламыз» (дөңгелек үстел)
«Біз барлық соғыс ардагерлерін еске аламыз» (дөңгелек үстел)
Мақсаты:
Білімділік- оқушыларға аға- апаларымыздың елін , жерін ерлікпен, жаужүрек батырлықпен қорғай білгенін бойларына дарыту,
Дамытушылық - ерліктеріне еліктей білуге, олардан үлгі алуға баулу,
Тәрбиелік – оқушыларды отансүйгіштікке , патриоттықққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Ұлы жеңістің 74 жыл толу мерекесіне арналған «Естен кетпес отты жылдар» атты мектеп оқушыларымен дөңгелек үстел өткізу
Баяндама. «Ұрпақтар ұмытпайтын жеңіс»
Осыдан 74 жыл бұрын бүкіл әлемді дүр сілкіндірген соғыс атты сойқан басталған болатын. Ер азаматтар қолдарына қару алып майданға аттанса, қарттар, әйелдер, балалар күн- түн демей еңбектенді.Оған достарымызда, дұшпандарымыз да куә.
1. Тарихи мәліметтер.
Зарина
Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді. Соғыс жылдары республикадан 1,996,164 адам қару асынып майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстанның соғыс жылдары әскери комиссариаттар арқылы 1 миллион 900 мыңдай адам сапқа тұрған екен.
Жалпы соғыс жылдары Қазақстан территориясында 12 атқыштар двизиясы 4 ұлттықатты атты әскери двизиясы , 7 атқыштар дивизиясы оның ішінде Қазақтың екі ұлыттық атқыштар бригадасы бар, әр қилы әскер түрлерінің 50- ге жуық полктары мен батальондары құрылып, майданға аттанды.
Соғыстың алғашқы жарты жылында Қазақстаннан майданға 632 134 адам кетті.
Олардың көпшілігі 1942 жылдың көктемі мен жазында Харьхов түбіндегі шегіністен Еділге дейінгі аралықта және Сталинград шайқасын да ерлік көрсетіп қаза тапты
Жалпы соғыс жылдары Қазақстан территориясында 12 атқыштардивизиясы 4ұлттық атты әскери дивизиясы,7 атқыштар дивизиясы оның ішінде Қазақтың екі ұлттық атқыштар бригадасы бар. Әр қилы әскер түрлерінің 50- ге жуық полктары мен батальондары құрылып, майданға аттанды.
Жалпы соғыс жылдары Қазақстандық 5 әскери құрамаға гвардиалық деген құрметті атақ беріліп, олардың тумаларына әлденеше ордендер қадалды. Олардыңжауынгерлердің ,ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде 8- гвардиялық Панфилов дивизиясы да бар. Оның құрамыннан шыққан 28 батырдыңбатальон кейінен дивизия командирі Бауыржан Момышұлының,Мәлік Ғабдуллиннің есімдері орын алады
Еркежан
Әзірше анықталған мәліметтербойынша соғыстан 410 мың Қазақстандық жауынгер оралған жоқ.
Бұған республикадан тыс жерлерде жүріп соғысқа кеткендер , еңбек армиясынан оралмағандар, соғыс жарақатынан кейінірек қайтыс болғандар енбеген.
Соғыс жылдары Қазақстан еңбекшілері майданға 2,5 миллион дана жылы киім, Отан қорғау қорына 4 милиард сомнан астам қаражат берді.
Соғыс жылдары ерлігі үшін орден және медальдармен наградталғандардың ішінде 26638 қазақ жауынгері бар. 497 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанды. Олардың 97 –сі қазақ 142 жауынгер «Даңқ» орденің толық иегері болды.
Жанбота
2. Ерлігі ұрпаққа өнеге.
Еліміздің шалқар шежіресінде ерлер есімі мәңгі сақтаулы талайына ескеркіштер орнаты көбісі туралы кітаптар да жазылды,ел аузында аңыздарда аз емес.
Қара бұлттқа оранбасын күн көкке
Барлық халық бейбіт өмір сүрмекке
Отанының бақыты үшін мерт болған
Батырларды есіңе ұста құрметте.
1941 жылдың жаз айы. Жадыраған жазғы жексенбі күннің бірінде , бейбіт жатқан елімізге , аспаннан жай тұскендей суық хабар сап ете тұсті. Қанды шеңгел зұлым жау батыстан еліміздің шекарасын бұзды. Дүниені отқа орап, бүліншілік ала келген соғыс басталды.
Соғыс кезінде жас жесірлер егде тартты, ал жастайыннан жетім қалғандар айтулы азамат болды. Соғыстан төрт мүшесі түгел қайтқандар да қанымен майдан даласын суарып, мүгедек болып қайтқандарда, аз емес. Отан үшін, ел үшін, ар- намыс үшін қан майданда қаза болғандардың ерлік бейнесі әр уақытта да біздің жүрегімізде. Олар мен үшін мәңгі тірі. Өйткені, қазіргі күнде біздердің шаттықта, еркіндікте өмір сүріп отыруымыз солардың қан төккен қаһармандық ерлігінің жемісі емеспе.
«Солдат деген – ұлы сөз» -- деп даңты қолбасшы Суворов айтқандай,ол халық ұлы халықтың қызы. Ұлы Отан соғыстың қаһарлы жылдарында майданда да, тылда, есі жаңа кіріп келе жатқан баладан бастап , жасы жүзге жеткен Жамбылға дейін совет азаматтары түгелдей солдат болып, жауға қарсы майданға жаппай қатысты. Бұл майданда еліміздің туысқан басқа халықтары сияқты қазақ халқының да өзіне жарастықты тарихи орны бар.
Диас
Сұм фашист
Сұм фашист-
Қу соғыс
Сорлатпаған жаның бар ма?
Адамға тура қарай арың барма
Тұнығын дүниенің түнде лайлап,
Ұры иттей ұрттамаған қаның бар ма
Сұм фашист-
Қу соғыс,
Ашылмаған сырың бар ма
Жұлмаған, қуратпаған гүлің бар ма
Қырусыз, қиратусыз, қиғылықсыз,
Өткерген күнің бар ма, түнің бар ма
Сұм фашист
Қу соғыс,
Шайқалтпаған көлің бар ма
Қазбаған орың бар ма, көрің бар ма
Шулатып көк орманның шашын жұлып,
Танкіңмен таптамаған жерің бар ма
Қорладың сен солайша адам атын,
От шашып, оқпен ұрдың ар қанатын,
У құйдың өзегіне сұлулардың,
Жұлып ап жүрегінен махаббатын.
Мейрман
Қалайша майдандас жолдастарымды «өлді» деуге аузым барады» ! Олар қайтыс болса да, олардың еңбегі, жемістің жемісі тірі. Соғыстан мүгедек болып қайтқан азаматтарды да мен мүгедек деп айта алмаймын. Өйткеі, олар елге қайтқан соң да «мен мүгедек едім» деп қол қусырып қарап отырған жоқ. Майданнан келісімен соғыстың соңғы ауыр жылдарының салмағын көппен бірге көтерісті. «Ауыр жүкті нар көтерер», --- дейді. Соғыстан қайтқан мүгедектердің ішінде ауыр жүк көтерген нарларымыз аз ба? Аз емес ! Бұрынғы қан майдандағы батырларымыздың ішінен талай-талай Еңбек Ерлері шықты. Майданда бір рет батыр болса, еңбекте екінші рет батыр болды. Олар қазір егде тартты, бірақ та көбі қызметті тастаған жоқ Өндірісте, ауылда , селода, ғылым мен өнерде, яғни біздің қоғамдық өмірдің барлық саласында Отанды өркендету жолында жан-тәнімен аямай қызмет ітеп жүр.
Асем
Соғыстың зардабы.
Уақыт деген керемет қой орасан,
Шет-шегі жоқ қаншалықты қарасаң.
Сол шексіздік көндіреді бәріне,
Жеңдіреді төзуге тек жарасаң.
Жеңісті біз бойымызға сіңіріп
Ұлы өмірге назар салдық үңіліп.
Қирағанды келтірмекке қалыпқа,
Жұрт тағы да жанталасты жұмылып.
Сан мың село, қанша қала қираған,
Есебі жоқ ... айтта алмаймын, қиналам.
Соның бәрін сап түзетіп тұрғызу
Қияметтей қиын десе , иланам.
Бірақ көптің бірігуі ұлы күш,
Соғыс өткен жер жаппайы құрылыс.
Біздің ауыл аттандырды жастарды.
Атқаруға жұрт қатарлы жұмысты
Ал біз болсақ , тынысты кең алатын
Кезең келіп, кетпесек те дара тым,
Өртең жерге қаулап көк едік
Бала қыран болдық қағар қанатын.
Еркеназ
Екінші дүние жүзілік адамзат тарихында болып көрмеген опат соғыстың көп ауыртпалықтары Совет халқының еңсесіне түсті. Ол досқа да, дұшпанғада айқын , мәлім. Біздің елде соғыс жалынына шарпылмаған бірде- бір семья жоқ.
Бұл шындық.
Миллиондаған ерлеріміз жандарын қан майданда Отан үшін пида етті.Зорланған ата-аналарымыз, жылаған жетім-жесірлер, қайтпас сапарларға ерлікпен кеткен жақын азаматтарымыздың орындарын әлі күнге дейін толтыра алмай жүр.
Ол рас.
Қан майданда қан төгіп, қасиетті жерімізді сорғалаған терімен де қаныменде суғарып,соғыстан мүгедек болып , қайтқан ерлерімізде бар.
Ол рас.
Рейстагқа қызыл жалау тіккен қазақ Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов және басқа жауынгерлер Совет солдатының ерен ерлігінің символындай тарихтың төрінен мәңгі орын алды.Мен архивтердіден олардың таңғажайып ерлігін бейнелейтін 32 документті таптым. Совет халқы Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қорғап қасиетті жерімізді озбыр қарақшылықтан тазартқан өзінің осындай қаһарман ұлдары мен қыздарын әрқашан ардақ тұтады олардың ерлік дәстүрін келер ұрпаққа үлгі етеді.
Замзагүл
Қазақ халқының ұл-қыздары да дұшпанға кек жібірген жоқ. Ғажап ерлік көрсеткен Төлген Тоқтаров, Александр Матросовтан 13 күн бұрын жау дзотының амбразурасын өз денесімен жапқан Боран Нысанбаев, Николай Гастеллоның ерлігін қайталап, жанып бара жатқан самолетін жау танкілеріне қарай шүйілтіп,өлімге басын тіккенқырдың қыраны Нүркен Әбдіров, қасарысқан жерінен қан алатын хас батырлар Сұлтан Баймағағанбетов , Ақәділ Суханбаев, Жұмаш Қарақұлов ұлдан бетер қайсар туған қазақ қыздары Советтік Шығыс әйелдерінің ішінентұңғыш рет Совет Одағының Батыры атағын алған Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағулова .
Мейіржан
Ерлік шежіресіне өшпес үлес қосқан ел намысы деген де етігімен су кешіп, белдескеннің белін үзген, жалын жүректі қазақтардың қаһармандығын айтып тауысу қиын. Туған халқының туын көтерген небір батырлардың арпалыс шебінде азулы жауға қарсы айқасқа кіріп тістескеннің тісін сындырған зәресін зәр түбіне жіберген көзімен көріп, солардың қатарында бірге болғанымды мақтан етемін.
Құдрет
Үш солдат
Үш солдат кеп сонау жазғы кеш күні,
Ажал сырын ана солай естіді.
Қайран шеше аңырады, егілді...
Ауық- ауық естен , өксіді..
«Қан майданда ... Жан көкеңнің жолымен,»
Сен де тастап кеттің мені сонымен...
Екі тілім қара қағаз қолымда,
Ұл қылам ба?! Жар қыламба оны мен?!
Жаңа ғана күлкі тауып қабақты,
Сайрағанда жеңіс құсы қанатты.
Жас неміске менің ұлым нан берсе ,
Жауыз неміс құлынымды неге атты?!
Боташым –ай, қаза болсаң ана үшін,
Аш- арыққа ашыған ғой жаның шын».
Деп әлі де күбірлеумен жүреді:
«Құлыным –ай Пида болған нан үшін»
Ақжан
Ұлы Отан соғысындағы біздің қазақ халқының қазақстандықтардың ерлігі ғаламат. Жас берендеріміз ата- бабаларының ерлік дәстүрлерін жалғастыра білді. Отанның әрбір сүйем жері үшін қасықтай қандарын аяған жоқ. Қазақстандық 316 шы Панфилов дивизиясының қаһармандығы әлемге әйгілі. Олар жаппай халықтық ерлік көрсетуді бастап берді.Мұның бәрі тарихта алтын әріппен жазылды.Қазақстан Ұлы Отан соғысының басты арсеналдарының бірі болды. Ол 2 майданда азық-түлік, киім-кешекпен қамтамасыз етті. Жеңіс тілі басқа болғанымен, тілегі бір, жүзі басқа болғанымен, жүрегі бір адамдардың, алуан ұлттардың ынтымағы арқасында майдандағы ерлік пен тылдағы ерлік арқасында келді.
Шолпан-Алия
18 жасында Кеңес Одағының Батыры аттағын алған қазақ қызы Әлияның ерлікке толы өмірі қалай тебіреткенін Әлия өмір мен өлім арасында жүріп өмір сүруді үйренді, елін сүйе білді.
Әлия. Мен 18 ге толдым.Бірақ өзімді ересек адамдай сезінемін. Себебі Ленинград балаларынының өлімін, жолдастарымның төгілген қанын өз көзімен көрдім .Енді фашист жыртқыштарын аулауға өзім шықтым. Әлия кектене , бұл бесеуін Ленинград үшін, жолдастарым, туған жерім үшін о дүниеге аттандырамын.
Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік,
Жерге бақыт , елге бақыт тіледік.
Отан –Ана отқа күйіп жатқанда
Біздер ме едік , үй бағатын тірі өлік
Мәншүк. -Аида
Отан –Ана жылағанда шерленіп
Тапжылмастан шөгедіекен, жерге бұлт
Қара бұлтты қақ жарайық дедік те,
Қолымызға қару алдық ерленіп
Әлия
«Отан » деген сөз жатталып көкейде
Зор айқаста кеттік біздер аттанып
Біз сендердей қыдырмадық кешқұрым
Біз сендердей арман гүлін термедік
Мәншүк.
Қатар тұрмыз, қатар жүріп келеміз,
Қатар жүріп қырдан гүлдер тереміз
Біздер өлдік, өшпесін деп басақалар,
Бізді қайта туды Отан, ел егіз.
Екеуі қосылып
Жетсек деген арманымыз көп еді,
Айтылған жоқ махаббатың өлеңі,
Бізді туған күнімізбен құттықтап.
Ешкім бізге жыр ұсынған жоқ еді
Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз,
Жанарлардан мөлдір жас боп жандық
Жанымызды құрбан еттік осылай.
Айман
«Ардагерлер».
Өтер жылдар ,өтер айлар, өтер күндер,
Сендерге сыйланбайды , бекер гүлдер,
Ақиқаттың сарайын тұрғыздыңдар
Әділдіктің туларын ,көтердіңдер
Білмедіңдер тынығып -шешінуді
Көтердіңдер жетім қыз, жетім ұлды.
Егін егіп мал бағып үйретіңдер
Жарақаттың іздерін кетіруде
Ұқсап өстті сендерге ұландарың
Ұлы көшке жалғасып ұрандарың
Зарина
Жеңіс күні
Жер жүзінде нұр шашаып Жеңіс күні!
Жақсы үміттің шырағы жанды міне
Аспан бетін қаптаған қара тұман
Серпіліп , зұлымдықтың сәнді түні
Жер бетін қан соғыс бітті!
Жер бетінен жамандық мүлдем кетті
Жеңістің жарқын күннін жыр қыламыз
Аспандатып жырлаймыз жақсылықты
Бүгін жайнап жасарсын ана біткен
Асыр салып қуансын бала біткен,
Жүректері жарылсын қуаныштан
Аялансын кңілі жақсы үмітпен
Жүрек біткен желпінсін ,жүйрік аттай
Сезім біткен серпілсін, дамыл таппай!
Дәл бүгін өлең айттпай, ән шырқамай,
Қандай жүрек қалғандай қанат қақпай.
Жеңіскерлер әр елдің өрендері
Солар жұрттың айбары, әлемдегі,
Отан бағын жайнатып гүлмен жаңа
Мерей тапты солармен ел еңбегі
Сен неткен Отан анам ғажап едің,
Әсемдеп көркем сөзбен жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін ,
Жайнай бер ұлы Отаным қазақ елі