«Ұмытылмас ерлік»
«Бақыт гүлін терген күн»
1-жүргізуші
Сүйінші, халқым,сүйінші,
Сүйіншіге-сүйінші!
Шаттан,ата-анамыз,
Шаттан,ата-бабамыз.
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті Жеңіспен
Жеңдік жауды күресте
Жасасын той мереке.
Құрметті қонақтар,ата-аналар,ұстаздар,оқушылар!Бүгінгі мереке соғыс ардагерлеріне,өздерінің тылдағы еңбегімен жеңісті шындағандарға,қан майданда әкелері мен ұлдары,бауырларынан айрылған отбасы,қайтып оралмаған қаһармандарды еске алуға,бізге бақытты бейбіт өмір әперген Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналады.Біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ.Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас,әрі көптен күткен 1945 жылдың 9 мамырына қайта оралтады.
2-жүргізуші
Құрметті қонақтар,оқушылар,мұғалімдер!Әрқайсысымыз үшін жақын да қымбат мереке 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңіс күніне биылғы 72 жыл толғалы отыр.Жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды.Сондықтан Жеңіс күні әрқайсысымыздың жүрегімізге жақын.Өкінішке орай,уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарларымыздан алып кетіп жатыр.Олар азайған үстіне азайып барады.Бірақ ешкім де,ештеңе ұмытпауы тиіс!Себебі,бұл-біздің тарихымыз,біздің даңқымыз!Солай болғандықтан да өскелең жас ұрпақты,сіздерді аға буынның майдан мен тылда көрсеткен ерліктері үлгісінде тәрбиелеу-міндетіміз.
1-жүр: Олай болса «Ұлы Отан соғысында ерлік көрсетіп қаза тапқан батыр-майдангерлерімізді орнымыздан тұрып 1минут үнсіздікпен еске алайық.
2-жүр: Кұттықтау сөз кезегін:
Қойылым:
Хор: «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген»
1-жүргізуші
Ия,бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.Ұлы Отан соғысына қатысып,ерлік көрсеткен Әди Шәріпов,Қасым Қайсенов,Нұркен Әбдіров,Бауыржан Момышұлы,Талғат Бигелдинов,Рақымжан Қошқарбаев,Мәншүк Мәметова,Әлия Молдағұлова сияқты есімдері аңызға айналған аталарымыз бен апаларымызды Тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті.
2-жүргізуші
Бүгінгі «Бқыт гүлін терген күн» атты тәрбие сағатымыз соғыс ардагерлеріне,қайтып оралмаған қаһармандарды еске алуға,бізге бақытты бейбіт өмір әкелген Ұлы Жеңістің мерейтойына және бейбіт өмірде Отанымызды қырағыдай қоргап жүрген «Отан қорғаушылар күніне» Отан қорғаушылар-өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады.
Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.
Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар» Орындайтын:Амангелдина Гүлнар Мансүрқызы
1-жүргізуші
«Ешкім де ұмытылған жоқ,еш нәрсе ұмыт болған жоқ».Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады,осынау сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткіштерінде де қашалып жазылған.
2-жүргізуші
Жеңіс күні-адамзат аңсап күткен күн.Жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні.
1-жүргізуші
9 мамыр-Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есіненмәңгі кете ме?Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ.
Зарина:Мәншүктің анасына жазған хаты
2-жүргізуші
Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны,5 мыңдай ұшақты,3700 танкті,50 мыңдай қару мен минаметті шабуылға шығарды.Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жетті
1-жүргізуші
Осы сұрапыл соғыста жауды талқандап Ұлы Жеңіске жетуге Қазақстандықтар да үлкен үлес қосты.Жүздеген мың қазақстандықтар қолына қару алып,өз Отанының бостандығы үшін күресті.
2-жүргізуші
Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады.Мәскеу түбінде өлімге бас тікті,Сталинград,Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті.Берлинді шабуылдады,Рейхстагқа Жеңіс туын тікті.
1-оқушы: Асем
Жауынгер біздің- саңлақтар,
Жауды жеңген солдаттар.
Ардақты Отан –ел үшін,
Бақытты туған жер үшін
Жау шатырын жақтырып
Жауға тізе бүктіріп,
Жарқ етті елдің ерлері,
Жеңімпаз өскен ұдайы.
2-оқушы: Айман
Даламыздың даңқысың,
Балауса гүл, балғын қыз.
Жанын қиып халқы үшін,
Жанып түске ақ жұлдыз.
3-оқушы: Аида
Жеіңс деген –жақсылықтың сыңары ,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
4-оқушы: Замзагүл
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.
Қолында пулеметі «Максим» оның
Бойында күш жігері тасқын оның
Тағы сонда майдан жүзін гүргіл қақты,
Тағы да алға шықты жалын жапты,
Ақырғы Әлияның атқан оғы.
Жандырып жатқандайын дұшпан жақты.
Ән: «Алия»орындайтын Байдильдина Шолпан, Рақым Еркеназ
1-жүргізуші
1945 жылдың сәуірі.Рейхстаг үстінде Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Болатов тіккен жеңіс туы желбіреді.
2-жүргізуші
1945 жылдың 9 мамыры.Герман фашизмінің күйрей жеңілген күні. Жеңіс! Ұлы Жеңіс!
1-жүргізуші
Соғыстың ащы дәмін татқан бауырларымыз.Майдангер ағаларымыз бен апаларымызға әрқашанда бас иіп тағзым етеміз.
2-жүргізуші
Сұрапыл соғыстың аяқталғанына 68 жыл өтсе де сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің зейнеткерлері соғыстың жан жарасынан айыға аламай келеді.Кезінде қатерге бел буып,батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп қаһармандық танытқан,өздерінің отан алдындағы парызына адал болған жерлестерімізді мәңгі есте сақтау,бүгінде өзімізбен бірге ардагер жауынгерлерді қадірлеп-құрметтеу біздің борышымыз.
Ән: «Ана туралы жыр»
5-оқушы:Жанбота
Ардагерлер, ардагерлер
Көнеден көз боп бүгін , қалған ерлер
Сендерсіңдер – асқақ айбын, алғыр жүрек,
Ерліктің аспанында, самғап өрлер.
Ардагерлер, ардагерлер,
Ақ басты мәрт жүректі тарлан ерлер,
Ақ шашың айғағындай бір ғасырдың
Осыдан асатұғын бар ма зергер.
6-оқушы: Еркежан
1-жүргізуші
Талай күйлер толғанар,
Талай әндер айтылар.
Талай шешен домбыра
Сендерге арнап тартылар.
Жауды жеңген батырлар,
Атақтарың таудай жарқыр
Жанбота
Ән: «Сарбаздар»
2-жүргізуші
Қамықпаған қиындықтың түгінен
Өздеріңе жинап қырдың гүлінен.
Бүгінгі ұрпақ, бақытты ұрпақ атынан
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен. (хормен )
Хор: «День победы»
1-жүргізуші
Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндері амандықпен дидарласайық.