«Сәт сапар саған, Жас түлек!»
«Сәт сапар саған, Жас түлек!»
I – жүргізуші:
Тарихы терең қазақ деген көне елде
Ел белгі де ерлік, өрлік, өнерде,
Жаһандағы ең жауынгер халықта
Кім сенеді ту болмады дегенге?
Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны,
Мектептен басталады бәрі - бәрі.
Бүгінгі мектеппен қоштасу салтанатында,
Шырқалсын Қазақстан әнұраны!
II - жүргізуші: « Сәт сапар, саған, Жас түлек!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны ашық деп жариялансын!. ..........ҚР мемлекеттік туы көтерілсін.
(ҚР туы көтеріліп, әнұраны айтылады)
I - жүргізуші: Солтүстіктің кең жазық даласында
Берекелі Жамбыл ауданында
Мектеп бар Есперлі ауылында
Арналған алғыр, зерек баласына
Армысыздар құрметті қонақтар, ардақты ата - аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар, қадірлі жас түлектер!
ІІ-ж:
Жолдайды мектеп үні
Түлектерге ақ тілек
Өмір деген үлкен жолда
Ақ жол тілеп, бақ тілеп
Ендеше бүгінгі салтанатты мерекеміздің қадірлі қонағымен таныс болыңыздар:
Нұрғалиева Алия Темірболадқызына құттықтау сқз кезегі беріледі.
II – жүргізуші:
Білімді шәкірттерін аялаған
Жақсылығын ешкімнен аямаған,
Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың
«Ұстаз» деген аяулы, ардақты адам.
Өмірде өлшенбейтін іс – балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол – болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, қала берді аналық қамқорлығым деп түсінген. қимас сәтте өздеріңе арналған құттықтау сөзді мектеп директоры Кикбаева Гүлназ Бағрамқызына беріледі.
(Мектеп директоры сөз сөйлейді)
2-жүргізуші:
Жолдайды мектеп үні
Түлектерге ақ тілек
Өмір деген үлкен жолда
Ақ жол тілеп, бақ тілеп
І-ж: 9 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттермен қоштасу мерекесі – соңғы қоңырау мерекесіне қош келдіңіздер!
II - жүргізуші: Міне, бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі, оқушылардың сыныптан - сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысқа шығарып, салатын – соңғы қоңырау салтанаты!
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық.
Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің 2 түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
I - жүргізуші:
Жас жүректің өмірлік құштары – гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, - деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектер мен олардың із басарларын құрметпен ортаға шақырамыз. ( музыка)
Галымжанова Еркежан және оның із басары Сарсенбай Архат
Кожахметова Зарина жіәне оның із басары Исенов Еркетай
ІІ-ж:Қарсы алыңыздар, бүгінгі бітіруші жас түлектердің жетекшісі: Жамулдинов Сағындық Амангелдіұлының қошеметпен 1-сынып бүлдіршіндерінің жетекшісі Амангельдина Гүлнар Мансүрқызын қошеметпен ораға шақырамыз(музыка әуені).
I – жүргізуші: Алдарыңда сан тарау жолдары тұр,
Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр.
Үлкен өмір есігін ашпақ, міне,
Келген қауым, қол соғып, қолда бүкіл!
II - жүргізуші: Бүгін - алғашқы қоңырау мен соңғы қоңыраудың арасын жалғаған 9 жыл мәреге жеткен күн.
I - жүргізуші: Бүгін -«мектебім, ұстазым» деп көңілің қимастық кешкен күн.
II - жүргізуші: Бүгін - атаң ақ жол тілеп, ақ бата берсем деген күн.
I - жүргізуші: Бүгін - әжең ерке ұланының ержеткенін көрсем деген күн.
II - жүргізуші: Бүгін - әкең қызым бой жетті деп мақтанған күн
I – жүргізуші: Бүгін – анаң ұлым ер жетті деп шаттанған күн.
II - жүргізуші: Бүгін - ұстазыңның жанында шәкірт болып соңғы рет топталған күн.
I – жүргізуші: Бүгін - арман қуып алысқа аттанған күн.
II - жүргізуші: Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.
I – жүргізуші: Ендеше, сәт сапар, жас түлектер!
Қош айтысып балалық шақ өткеніне,
Қош айтысып сүйікті мектебімен
Тұғырдан түлеп ұшқан жас қырандар
Аттанып барады өмір көктеміне
I – жүргізуші:
Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата - анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата - ананы. «Ата - ана баланың бас ұстазы» дегендей ата - ана мен мұғалім қатар тұрғанда бала өзіне деген қамқорлықты толық сезінеді. Сөз кезегі ата-аналар атынын Болар тәтеге беріледі
II - жүргізуші: Жаны асыл ұстаздарды еске алыңдар,
Жаңа сыр ашатұғын жас дарындар,
Шәкірті жаман екен дегізбеңдер,
Санасы биік адал дос табыңдар!
Иә, сендер әрқашан еске алып жүретін жаны асыл ұстаздарың да бүгінгі соңғы Қоңырау үнімен өздеріңмен қоштаспақ. Енді солардың шәкірттеріне деген соңғы ақ тілегі мен сәт сапарын тыңдайық. 9- сынып Сынып жетекшісі Жамулдинов С.А беріледі.
ІІ-ж: 9-сынып бітіруші жас түлектердің із басарларына сөз берейік:
1-сынып тақпақтары......................
«Балапан» шағын орталығының бүлдіршіндері де өз құттықтаулары мен келіпті.
I – жүргізуші: Ұстаз! Осы сөзде қаншама ұлылық жатыр десеңізші! Сөз маржанын терген ақын – жазушыда, көк күмбезіне самғаған ғарышкер де, тіпті Елбасының өзі де ұстаз алдында иіліп тағзым ететіні рас. Өз уақытын аямаған, шәкіртінің уақытын аялаған, ұстаздарға сазды сәлем жолданады.
.......Хор: «Ұстазым» (тұлғамды) әні. Орындайтындар бітіруші түлектер..
II – жүргізуші: Еліңді таң қалдыршы ұлы істермен,
Қатарына қаймықпай құрышты ерген.
Туды биік көтеріп қалықтатшы,
Қуанта бер қашанда жеңістермен
I - жүргізуші: Мойытпасын қиындықтар сендерді.,
Батылдықпен асыңдар сан белді,
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар елді енді.
II - жүргізуші: Ұшырса да өмірдің сан түлегін,
Ұстаз - ғалым, толастамас мәңгі сын.
Тыншымайтын асыл жандар аяулы,
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.
Келесі сөз мектеп бітіруші түлектерге беріледі.
9-сынып: тақпақтары.......................
1)Хор: «Ғалымда шахтерда»
2)....5-сынып қыздарының орындауында «Аяулы мектебім» әні
3)...Ән: «Ұстазым» (тыңдаған көңілдегі)9-сынып
4)....Қыздардың флешмобы
5).......6-сынып қыздарының «Балалық шақ» әні
6)Ән: «Қош бол мектебім» 9-сынып
II - жүргізуші: -
Гүлдерге толып омырау
Түлектер тойын тойлайды.
Қағылмақ соңғы қоңырау
Қаққызбай өмір қоймайды
I – жүргізуші. Бәрі – сын, араласың, өмір аулың,
Бәрі – шын, қоштасарда қоңырау мұң.
Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,
Дауысын естігенде қоңыраудың
Балалықтың соңғы әнін шырқап бүгін
Қоңыраудың естиміз соңғы үнін
II – жүргізуші: Соңғы қоңырау соғу рәсімін орындау құрметіне
Хор: «Сыңғырла қоңырау» әні. Орындайтындар мектеп бітіруші түлектер.
(Қоңырау соғу сәті.)
........ІІ-ж: 9-сынып мектеп бітіруші түлектердің қотасу вальсіне шақырамыз
I – жүргізуші: Бірлік деген даналар мен кемеңгер
Бір - біріңді әрқашанда елеңдер
Түрлі асу жолдарында тағдырдың,
Бір - біріңе сүйеу болып демеңдер.
II - жүргізуші: Сонда естілер ел жұртыңның нұрлы үні,
Сонда жеңер мына өмірдің шындығы.
Әуелетіп аспанға шар ұшырдық,
Ол бірлігің, мәңгі бірлік символы!
I – жүргізуші: Қоштасады ұшқан ұяң – мектебің,
Маңдайынан сүйіп өтер көктемің.
«Сәт сапар» - деп қол бұлғаймыз бәріміз,
Тілейміз біз армандарға жеткенін.
II - жүргізуші Түлектердің бақыт гүлі ашылсын,
Ақылына әлем халқы бас ұрсын.
Деген асыл ниетпенен, ағайын,
Ақ жолына той шашуы шашылсын! ( Шашу шашылады)
I - жүргізуші: Құрметті мектеп бітіруші жас түлектер! Ата - аналар мен қонақтар! Аяулы ұстаздар! Есперлі мектебінің «Сәт сапар саған, жас түлек!» атты салтанатты жиынын жабық деп жариялаймын!
(.............II – жүргізуші: Құрметті мектеп оқушылары! Республика туы астында қатар тізеп, тік тұрыңдар! ҚР мемлекеттік Туы түсірілсін!
(Әнұран орындалады)...
I - жүргізуші: Аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі жаңа оқу жылында амандықпен жолыққанша сау саламатта болыңыздар. Сәт сапар, сіздерге, Жас түлектер!
II – жүргізуші: Лицейдің табалдырығынан үлкен өмірге 2 түлек жолдама алды: 2 арман, 2 үміт, осынша сенім мен осынша тағдыр! Еліміздегі мыңдаған мектептерден мыңдаған түлектердің ұшып шыққанын ескерсек, ересектер қатары осынша адамға, осынша күшке толықты! Қанаттарың талмасын, жас түлектер!