Денсаулық күні
Денсаулық күні
Мақсаты: балалардың қимыл-қозғалысы арқылы денсаулығына, дене түзілісінің дұрыс жетілуіне назар аудару, халықтық тәрбиені бала бойына сіңіру, бір-біріне деген сыйластық, қамқорлық қарым-қатынасын нығайту, ептілікке, батылдыққа, жылдамдыққа баулу.
Көрнекілік: жалаушалар, шелек, ойыншық, доға, доп.
Балалар әуенмен залға кіреді.
Күннің көзі ашылып, Көкке шуақ шашылып. Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті, Амандасу үлкенге, Тәрбиенің басы ғой, Ал, қанекей бәріміз, Сәлемдейік улкенге.
Балалар амандасады.
-Балалар, адамның көңілді болуы неге байланысты? -Денсаулыққа -Денеміз сау, денеңіз сымбатты болуы ше? -Жақсы бимен, жаттығуға. -Ендеше, денеміз сау болу үшін ең бірінші жаттығу жасайық.
Ақылды біз баламыз, Айтққан тілді аламыз. Жаттығу жасап, шынығып, Өсіп, үлкен боламыз.
-Балалар, шеңбер құрып, жаттығу жасайық. 1-ші жаттығу: Аяқ иық деңгейінде, қол екі жаққа жаюлы. «бір»дегенде қолдарын айқастырып, алақандарын жауырындарына жеткізеді.2 рет. 2-ші жаттығу: аяқ иық деңгейінде, қолды жоғары артқа қарай көтеріп, білектен ұстап, алға қарай еңкею керек.Балалар, қанекей, ағаш жарайық.3 рет.
3-ші жаттығу:аяқты қосамыз, оң қолды жоғары, сол қолды төменге ұстаймыз, алға айналдырып, жүземіз. -Тамаша, енді жарыс ұйымдастырамын.
Қане, бір-бірімізді қостаймыз, Бүгінгі жарысымызды бастаймыз. Жеңіске жетеміз деп, Жалынды ұран тастаймыз. Екі топқа балалар бөлінеді.
Көк аспандай көкпеңбек, Қазақстан жалауы, Көк емес ол тектен-тек, Елдің ашық қабағы,-деп«Кім епті?» сайысымызды бастаймыз.
Ойынның шарты: Кедергілердің арасынан өтіп, бір-біріне жалаушаны тапсыру.
Ұйымшы әрі жылдамсың ба? Әлде балбыр, боссың ба? Кел жарысып көрейік, Эстофеталық бұл ойында.
«Барлаушы» Ойынның шарты:доға астынан өту.
О,халайық, халайық, Мына ыдысқа қарайық. Керемет күшті қасиет, Допты жинап алады. «Кім көп жинайды?»
Ойынның шарты:Бір шелекке-көк, екінші шелекке-қызыл доп жинау.
Ат ертеуге жарайық, Жанына қамшы салайық. Жорға мініп жарысып, Бір тынығып алайық
«Кім жылдам?Ат жарыс»Ойынның шарты:берілген сызыққа дейін барып, қайтып келу.
Кімдер күшті, кім алып, Күш сынасып, байқайық, Білегімізді сыбанып, Қарсыласты жығайық.
«Кім білекті ?»Ойынның шарты: ортаға шығып,күш сынасады.
-Ал, енді спорт сүйер балалар, көрермендер, қонақтар бүгінгі эстафеталық жарысымыз өз мәресіне де жетті.
Бүгін, міне, оң болып әр ісіміз, Жоғары боп, күш-жігер намысымыз. Осылайша қуанышпен думандатып, Аяқталды халайық жарысымыз.
Балаларға витамин немесе жеміс(алма, банан)үлестіріледі.