Оқу-тәрбие жұмысының басымдылық бағыттары
Оқу-тәрбие жұмысының басымдылық
Бағыттары
- Білім беру үрдісін демократияландыру, ізгілендіру және ұлттық құндылықтарға бағыттап құру;
- Жеке тұлғаны дамытатын сапалы білім мен тәрбиеге жетуді қамтамасыз ету;
- Қазақстандық ұлтжандылыққа, жоғары мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу;
- Мектеп оқушысы мен түлегі үлгісі негізінде Қазақстан Республикасының азаматы мен патриотын тәрбиелеу;
- Ақпараттық мәдениетті толық меңгеру және әлемдік ақпараттық кеңістікке қатысу;
- Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау және оқу қызметінің сапасын анықтауды жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жүргізуге қол жеткізу;
- Оқушыларды шығармашылық және зерттеушілік жұмыстарға, жобалар мен бағдарламалар даярлауға тарту (оқушылардың ғылыми қоғамы арқылы);
- Негізгі пәндер бойынша жоғары сапалы білім деңгейін қамтамасыз ететін білім стандарттарын орындау;
- Балаларды қосымша білім берумен қамтуды дамыту;
- Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру;
- Сатылар арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, мектептегі дайындықтың деңгейін көтеру;