"Туған жер"
Шағырай шешен
Қазақ халқының ғасырдың екінші жартысы мен ғасыр басында өмір сүрген суырып салма әнші-ақындары мен шешендерінің бірі-Шағырай Төбетұлы. Шағырай 1838 жылы мешін жылы наурыз айында қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Есберлі ауылында Шындәулетұлы Төбеттің отбасында өмірге келді. 1924 жылы ауырып, қыркүйек айында өзінің туған жерінде қайтыс болды.
Шағырай шешен он бір жасында әке-шешеден айырылып, жетім қалды. Жас кезінен жоқтық көріп, бай ағайындардың қойын бағады. Қиын жағдайға қарамай жас кезінен өлең-жырға құмартады. Ағайындас ауылының ақыны жігіт Байтөле Шәліңке баласы Шағырайдың талабына сүйеніп, бауырына тартып қамқорлық жасайды, ол Шағырайға өлең жаттатумен бірге, ақындыққа баулыған. Зерделі Шағырай игі өнегелерді жақсы қабылдай берген. Ел ішінде ойын-той, қызық бас қосуларға бірге барып, ұзақ жырлар, ән айтып, халыққа «Інші Шағырай», «Жыршы Шағырай» атанып, танымал болды.»
Шағырай Байтөленің ақылымен 16-17 жас шамасында әкеден қалған дүние-мүлікті сатып, оның ақшасына жүйрік ат,жақсы ер-тұрман алып, серілік жолға түседі. Өзі туралы жырынды жазғанындай Сібір, Орынбор жерлерін, қазақ елін тегіс аралайды. 1853-1854 жылдары жас жігіт шағында шағырай Сегіз сері бастаған өнерпаздар тобында болып, тәлім-тәрбие алады.
Шағырай шешен айтты деген нақыл сөздер, толғаулар, сықақ-мазақ өлеңдері ел есінде көп жатталып қалған. Шағырай ай тты деген сөздердің қолда бары теңіздің тамшысындай ғана деуге болады. Ол кісінің әр сөзі нақыл, ғибраты мол, афоризмдерге құрылған. Шағырай өзінің ұзақ өмірінде мал-дүние жинамай, сөз өнерін қуған. Шағырай шешен өлке тарихын зерттеген. «Арманды ақын»( Баймағамбет Ізтөлин туралы), «Қожаберген жырау», « Сегіз сері»(2 том) кітаптарын құрастырды. «Тоқсан би», «Бір әулеттің атрихы», «Ер есеней», « Аудан атасы», «Мәлгаждар Айдарбеков», «Туған ел шежіресі» сияқты зерттеу кітаптары бұдан бұрын шыққан болатын. «Шағырай шешен» деген кітабында Есперлі ауылының тарихын зерттеп,тұрғындарының шежіресін зерттеп кітап жазған. Шағырай шешен ел есінде.