«Есперлі негізгі орта мектебі» КММ қамқоршылық кеңесінің хаттамасы
«Есперлі негізгі орта мектебі» КММ қамқоршылық кеңесінің хаттамасы
ХАТТАМА №2 27.12.2017 жыл
Қатысқандар саны-12
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
Қамқоршылық кеңестің 2017 жылында атқарған жұмыстарының есебі.
ТЫҢДАЛДЫ:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директоры Г.Б.Кикбаева сөз сөйлеп, ҚР «Білім және ғылым министірлігінің, «Әлеуметтікмәдени сауықтыру және дамыту жұмыстары туралы» Заңына сәйкес мектебімізде Қамқоршылық кеңесі құрылып, жұмыс жоспары сәйкес жүргізігендігіне,әлеуметтік тізімде тұратын оқушылардың сабаққа қатысуы мен сапалы білім алуына жыл бойы бақылау жасалғандығына және аз қамтылған отбасы балаларын Жалпыға білім беру қорынан бөлінген қаржыға бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету ісінде мектеп асханасының дұрыс жұмыс жасауын қадағалауда біршама жұмыстар жүргізілгендігіне тоқталды.
Оқушылардың жазғы демалыс уақытында аудандық «Лесная поляна» лагеріне демалуға мұғалімдер тарапынан 25 000 теңге көмек көрсетіліп, оқушыларымыз демалып қайтты.
«Мектепке жол» акция аясында «Есперлі» ауыл шаруашылығының басшысы А.Г.Кикбаев 5000 теңге көлемінде әлеуметтік жағдайы төмен Қ.Қ.Қожахметов отбасының балаларына оқу құралдарын әперді. «Қошқарбай» ауыл шаруашылығының басшысы А.Қ.Күркенов көпбалалы Ж.Б.Сыздықовтың отбасына 5000 теңге оқу құралдарын алуға берді.
«Есперлі» ауыл шаруашылығы үнемі мектепке таза ауызсу тасып тұрады және жылу жүйесіне әкелінген көмірдің жан-жағын жинауға көмектесіп тұрады. «Бексұлтан» ауыл шаруашылығы мектеп жанындағы мұз айдынына су тасуға көмектесті. Жаңа жыл қарсаңында мектеп оқушыларына ауыл шаруашылықтарының тарапынан 10000 теңге қаржы жиналып,шырша безендіруге және оқушылардың сыйлықтарына жұмсалды.
ҚАУЛЫ:
1.Қамқоршылық кеңесінің атқарған жұмыстарына «жақсы» деген баға беріліп,кеңестің жұмысы жалғастырылсын.
Кеңес төрағасы-М.Сыздыков
Кеңес хатшысы-А.Тастанова