«Ескендір» поэмасы ашық сабақ
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: «Ескендір» поэмасы
Сабақтың мақсаты: а) Поэманың мазмұнын талдай отырып, негізгі тақырыбы мен идеясын таныту.
ә) Оқушылардың топпен жұмыс жасап, өз ойынеркін жеткізуге баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, диспут, топтастыру, «Джигсо» стратегиясы, кубизм стратегиясы, талдау т.б
Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, плакат, фотосуреттер, стикер т.б
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Өткен тақырып бойынша ассоциациялық карта құрастырамыз.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
- Ескендір бейнесі шынайы тарихтағы Александр Македонскийдің тұлғасы.
- Сюжетіне келсек те тарихи оқиғамен ұқсас
- Ұлы ақынның поэмасы реалистік әдіспен жазылған туынды
- Осы поэма арқылы өзгенің жеріне көз тігудің өзі әділетсіздік екендікке көз жеткізілді.
- Қазақ әдебиетін Шығыс,
Батыс мәдениетінің мұраларымен ұштастырды.
1-кезең. Топтасу : 2- топқа топтасайық. Абай мен Ескендір Зұлқарнайы суретін пазл ретінде жинау арқылы жүзеге асырамын.
2-кезең. Мағынаны тану. Ескендір жайлы плакат сызу
1-топ: Ескендірдің тарих бетіндегі образы.
2-топ: Ескендірдің поэмадағы образын сызбаға түсіреді.
3-кезең. Ой толғаныс кезеңі
1-топ. «Джиксо» стратегиясы.
Поэмаға толық талдау жүргізу. Салыстыру ретінде Низамидің «Ескендірнамесі» туралы мәтінді топпен талқылайды.
2–топ. Кубизм стратегиясын қолдану арқылы поэманы талдайды.
4-кезең. Диспут. Тақырып: «Мемлекетті басқаратын адам қатал болу керек?»
1-топ. «Келісемін» 2-топ. «Келіспеймін»
Қорытынды: Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Мұхтар Әуезов : «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себепті оқудан, білуге құштарлықтан, ізденуден жалықпайық .
Осы поэмадан қандай қорытынды шығаруға болады?
Білімді бекіту:
Білімді бағалау: Оқушылырдың сабақ барысында өзін-өзі бағалау
Аты-жөні | Үй тапсырмасы | Жаңа сабақ | Топтық жұмыс | Қорытынды |
Жанбота |
|
|
|
|
Диас |
|
|
|
|
Мейірман |
|
|
|
|
Құдырет |
|
|
|
|
Замзагүл |
|
|
|
|
Асем |
|
|
|
|
Үйге тапсырма: Абайдың поэмаларын толық оқу. «Масғұт», «Әзім әңгімесі».