Рухани жаңғыру- ұлттың дамуы және жаңғыруы...
Рухани жаңғыру- ұлттың дамуы және жаңғыруы...
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.
Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс.
Ұлттық жаңғыру дегеніміз – ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның түпкі мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісім үйлесе отырып, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті, табысты ел болу. «Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мейлінше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді» , -дейді Н.Ә.Назарбаев. Сондықтан рухани жаңғыру үдерісін дер кезінде қабылданған оң шешім деп танимыз. Осы рухани жаңғырудың жүзеге асырылуын біз және сіз болып, «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бірлікте орындауымыз аса қажет.
Есперлі негізгі орта мектебінде де «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жоспар құрылып, мектепішілік іс-шаралар өткізілуде. 1-4 -сыныптар арасында суреттер конкурсы "Өз Отанымды қалай елестетемін". 5-9- сыныптар арасында "Шебер қолдар" көрмесі ұйымдастырылды. 5-9-сыныптар "Жерлестерді еске ала отыра" атты тақырыпта қызықты жаңалықтарымен бөлісті. "Туған жер" бағдарламасы аясында оқушылар жерлес Есперлі ауылының зиратында жерленген Шағрай шешеннің басына барып қайтты. Елдан 30 шақырымдай қашықтықта Уақ руынан шыққан Сары және Сүйір батырлардың обаларына топсеруенмен барды. Бұл оқушыларға патриоттық рух береді деп ойлаймын. Олар да елін, жерін мақтан тұтып, сыртқы жаудан қорғайтын ер болғылары келетін, әсіресе ұл балалар айтты. Мектеп оқушылары мен мұғалімдер "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыруда. Алдағы уақытта да көптеген жұмыстар жүргізіледі.
Біз ұлтымыз бойындағы тек жақсы қасиеттерді дамытсақ, озық білім мен үздік жаңалықтарды дарытсақ, жымиып күліп, жылмаң сөйлеп, жыландай жылжыған жат идеологияларға лайықты тойтарыс берсек, жерұйықтай мемлекетке айналамыз.
Есперлі негізгі орта мектебінің математика пәні мұғалімі Абишева Махаббат Саматкызы