Алаш жұртының мақтанышы – Астанаға 20 жыл!
Алаш жұртының мақтанышы – Астанаға 20 жыл!
Биыл еліміз бас қаламыз Астанамыздың 6 шілде 20 жылдығын тойлағалы отыр. Тарих үшін қас қағым сәт болғанымен, осынау азғана жылдың ішінде елордамыз дәулеті тасып, сәулеті асқан жер жаһандағы сұлу шаһарлардың біріне айналды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың батыл да тегеурінді ұсынысымен Қазақстан Республикасының Парламенті 1994 жылы 6 шілдеде ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. Депутаттар алдында жасаған тарихи баяндамасында Елбасы Ақмола қаласының тәуелсіз мемлекетіміздің астанасы болып таңдалуының 32 негізгі өлшемін көрсетіп берді. Олар: әлеуметтік-экономикалық, геосаяси, көлік инфрақұрылымы, инженерлік-коммуникациялық, құрылыс, еңбек ресурстары және басқа да қолайлы мүмкіндіктер еді. Құдіретті уақыт Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған осы 32 артықшылықтың нақты өмір ақиқаты екендігін дәлелдеді. Ұлы идея ақиқатқа айналды. Көз алдымызда тәуелсіз Қазақстанның тарихы салтанат құрды.Содан бергі өткен 20 жыл ішінде еліміздің бас қаласы – Астана төрткүл дүниені түгел тамсандырған тарихи құбылысқа айналғаны ақиқат. Арқа төсіндегі сәні мен салтанаты жарасқан елорда бүгінде озық идеяларды, жаңа ғылыми шешімдер мен сәулет өнерінің озық үлгілерін өмірге әкелетін жерұйық іспеттес. Дәл қазір Астанада заманауи құрылыс саласының барлық құрылымын қамтитын еліміздің жаңа құрылыс кластері қалыптасты. Бас қаламыздың көркін арттырған сәулет өнерінің озық үлгілері салтанат құрды. Өткен жылы «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне мектеп ұжымы және оқушылар барып,серуендеп қайтты..
Осы еліміздің тарихында ерекше орын алатын елеулі күнге әр Қазақстан азаматы өз үлесін қосуға тиіс. Іс-шараны ойдағыдай өткізу мақсатында бірқатар жұмыстар жоспарланып отыр. Есперлі негізгі орта мектебінде Астананың 20 жылдығына арналған іс шаралар өткізілуде.5-9-сыныптар арасында зияткерлік-танымдық викторинасы, 1-9 -сыныптар арасында спорттан көңілді мәрелер,1-4-сыныптар арасында "Астана желілері" суреттер байқауы өтті. "Біздің үйіміз-бір Қазақстан" құжатталған фильм көрсетілді. 9-сынып оқушыларымен"Толеранттылық -бірге тұру өнері" атты рухани сабақ өткізілді. Біз Елордамыз Астананың мерейтойын жақсылап өткізуге өз үлесімізді қосамыз.
Есперлі негізгі орта мектебінің
тарих пәні мұғалімі
Жамулдинов С.А.