«Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез» (сайыс)
«Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез»
(сайыс)
Мақсаты: Тапқырлыққа, шешендікке баулу, ізденімпаздыққа жетелеу, ой-өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, тақта, плакат, шарлар, тапсырмалар
Барысы:
Мұғалім: Оқысаң ғылым қорын білім асар,
Көңілдің кіршік басқан көзін ашар.
Бар ізгілік тек біліммен алынар,
Білім ал, ол өмірдің жолын ашар,-дей келе білім-адам баласының ортақ қазынасы. Олай болса ойыншыларымызды ортаға шақырайық .
Мұғалім: Көзге түсер жүйріктер бағасымен,
Суда ағар таулардың саласымен.
Қара қылды қақ жарар алдарыңда,
Таныстырайық әділ қазы алқасымен.
Қазыларды таныстыру:
Мұғалім: Тек сәттілік, қатысыңдар сайысқа,
Мықты болсаң, қабырғаңмен қайыс па.
Оқу керек, білім керек қашанда,
Ол болмаса, сайыс деген сайыс па? дей отырып сайысымызды бастаймыз.
Сайыстың шарттары:
- Кім тапқыр? ( географиялық сұрақтар)
- Сөз тапқанға. ( әріптермен жауабын табу)
- Ойлы болсаң озып көр. ( географиялық жұмбақтар, мақал-мәтелдер)
- Ой қозғау (Адасқан әріптер)
- «Сенемін немесе сенбеймін» деп аталады.(географияға байланысты қызықты сұрақтар қойылады
- Кім жылдам? ойыны(балық қаңқасы әдісі қолданылады)
- «Сөз жұмбақ шешу»
1-айналым. Кім тапқыр? (географиялық сұрақтар)
- Қ.Р. шекарасының ұзындығы (15 млн.км.)
- Тоқыма, былғары, аяқ киім, тігін қай өнеркәсіптің салалары ( жеңіл өнеркәсіп)
- Дүние жүзіндегі ең үлкен арал ( Греландия)
- Ең кіші материк ( Австралия)
- Тропиктен экваторға қарай соғатын тұрақты желдер ( пассат)
- Қ.Р. қанша облыстан тұрады. ( 14)
- Фонтан түрінде оқтын-оқтын атқылап тұратын ыстық бұлақтар ( гейзерлер)
- Дүние жүзіндегі ең терең көл ( Байкал)
- Жердің тас қабаты, жер қыртысы қалай аталады. ( литосфера)
- Мұхит суының тұздылығы немен өлшенеді. ( промиль)
- Жердің су қабығы ( гидросфера)
- Жанартаудың атқылауынан бөлінетін қоймалжың масса. ( лава)
- Жердің кішірейтілген бейнесі. ( глобус)
- Ең кіші мұхит ( Солтүстік мұзды мұхит)
- Екі дүние бөлігінен тұратын материк ( Еуразия)
- Күн жүйесіне қанша ғаламшар кіреді. ( 9)
- Отын-энергетикасының салаларын ата ( мұнай, газ, көмір)
- Қ.Р. қанша экономикалық ауданнан тұрады ( 5)
- Ең саны көп халық ( Қытай)
- Жағалауын төрт мұхит суы шаятын материк ( Еуразия)
2-айналым. Сөз тапқанға. ( әріптермен жауабын табу)
(Г, А, М,С осы әріптерден басталатын сөздермен жауап беру керек)
- Жердің су қабаты (гидросфера)
- Жердің кішірейтілген үлгісі (глобус)
- Дүниежүзіндегі ең үлкен арал ( Греландия)
- Оңт. Америка материгі ежелгі қай материктің құрамында болды. ( Гондвана)
- Пәкістан, Үндістан жеріндегі тау жүйесі ( Гиндокуш)
- Ең жүйрік сүтқоректі ( гепард)
- Аккро қай елдің астанасы ( Гана)
- Парламенттік басқару түріне жататын ел ( Германия)
- Оңт. Американың ең үлкен өзені ( Амазонка)
- Ең ұзын тау ( Анд)
- Ең биік сарқырама ( Анхель)
- Оңт. Американың ең үлкен шөлі ( Атакама)
- Кеме қатынасы жөнінен дүние жүзінде 1-орын алатын мұхит ( Атлант)
- Мұз жамылған материк ( Антарктида)
- 1931 ж құрылған Қазақстандағы қорық ( Алматы)
- Ауа құрамында кездесетін газ ( ауа)
- Ең бірінші жердің шар тәрізді екенін, дүниежүзілік мұхиттың біртұтастығын дәлелдеген теңіз саяхатшысы. ( Магеллан)
- Нақтылы қашықтықтардың картада немесе планда кішірейтілгенін көрсететін өлшемді қалай атайды. ( масштаб)
- Жер қыртысының тереңінде пайда болатын су буы мен газдарға қаныққан балқыған масса. ( магма)
- Австралияны зерттеген саяхатшы ( М.Маклай )
- Фосфорит рудасы қай таудың жотасында өндіріледі ( Мұғалжар)
- Қиыр шығыстың климаты қандай ( муссонды)
- Ең үлкен нәсілді ата ( монғолдық)
- Латын Америкасындағы федеративтік елді ата ( Мексика)
- Темірқазық жұлдызы көрсететін бағыт ( солтүстік)
- Түзу сызық түрінде бейнеленіп, тең бөліктерге бөлінген масштаб ( сызықтық)
- Жер қыртысының қозғалысын өлшейтін аспап ( сеймограф)
- Өзеннің басқа өзенге, көлге немесе теңізге құятын жері ( сағасы)
- Әр түрлі елдермен оның астанасы, шекарасы белгіленген карта ( саяси карта)
- Баренц қай мұхиттың ең үлкен теңізі ( Солт. Мұзды мұхит)
- Парсы шығанағының мұнай өндіруші елі ( Сауд Арабиясы)
- Эр-Рияд қай елдің астанасы ( Сауд Арабиясы)
3-айналым:Ойлы болсаң озып көр. ( географиялық жұмбақтар, мақал-мәтелдер)
- Көлдің көркі- құрақ
Таудың көркі -бұлақ
- Елінен безген ер оңбас
Көлінен безген қаз оңбас
- Сағынған елін аңсайды
Сарала қаз көлін аңсайды
- Туған жердей жер болмас
Туған елдей ел болмас
Жұмбақтар шешу:
Жұмбақ шешу:
- Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. ( күн)
- Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады ( аяз)
- Аяғы жоқ жүреді
Сылқ-сылқ күледі (су)
- Кең әлемді кернейді
Көзің бірақ көрмейді ( ауа)
- Жылт-жылт еткен,
Жылғадан өткен. (су)
- Ұйықтайды, ұлы түнде, күндіз қызы.
Жүргенде білінбейді басқан ізі. (Күн мен Ай)
- Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (Күн)
- Үй үстінде алтын тас,
Алайын десем табылмас. (Жұлдыз)
4-айналым:Ой қозғау «Адасқан әріптер» деп аталады топтарға конверт беріледі онда берілген әріптерден тиісті сөзді шығару керек.
Тапсырмасы:
1. а в з р я и а л – лавразия
2. л а м г е л н а – магеллан
3. т а р к а – карта
4. и а н м е д р и – меридиан
5. м т у з и а – азимут
6. ұ ш ң ы ғ м а – шұңғыма
7. а л л ь л е п р а – параллель
8. с п м а о к – компас
9. ь п л а і - альпі
10. а б к й л а – байкал
5-айналым:«Сенемін немесе сенбеймін» деп аталады. (географияға байланысты қызықты сұрақтар қойылады. Сұрақтар сан-қилы саланы қамтымақ. Ал ол сауалдарға «сенемін» немесе «сенбеймін» деп жауап берулері керек. Топ басшыларына сұрақ қойылмайды. Бірақ олар өздерінің
ойыншыларына көмектесе алады)
1. Әлемде І-ші болып марганец құймасын Тараз металлургия заводы өндіргеніне сенесіз бе? (сенемін) 2008 жылдан бастап Тараз металлургия заводы марганец құймасын өндіре бастады. Әлемде мұндай өндіріс әлі жоқ екен.
- Зебраның шыққан жері Африка. Зебраның жолақтарына қарап төлдері өз аналарын тауып алады дегенге сенесіз бе? (сенемін) Әр зебраның жолақтары әртүрлі, бір-біріне ұқсамайды.
3. Әлемдегі ең үлкен байпақ Семей қаласында жасалғанына сенесіз бе? (сенемін) 70 кг.жүн жұмсалған 106 өлшемді ең үлкен байпақ
4. Тереңдігі жағынан әлем бойынша 5-ші орынды алатын ойпат Қазақстанда екендігіне сенесіз бе? (сенемін) Қарақия ойпатының тереңдігі 132 м. оның ұзындығы 50 км. жуық. Әлем бойынша 5-ші орында.
5. Бурабай көлінің түбі 7 метр тереңдікте де анық көрінетініне сенесіз бе? (сенемін) Екінші Щвецария саналатын Бурабай көлінің тұнықтылығы соншалық 7 метр тереңдікте де түбі анық көрінеді.
6-айналым:Кім жылдам? ойыны(балық қаңқасы әдісі қолданылады)
- Ең биік тау? (Гималай)
2.Ең ұзын тау? (Анд)
3.Ең аласа тау? (Орал)
4.Ең биік жазық? (Үстірт)
5.Ең үлкен арал? (Гренландия)
6.Ең терең шұңғыма? (Мариана)
7.Ең алғаш картаны кім ойлап тапты? (Эротосфен)
8.Жердің шар тәрізді екенін кім дәлелдеді? (Магеллан)
9.Екі ендіктің арасын қосатын сызық. (Меридиан)
10.Ең ұзын өзен? (Ніл)
7-айналым «Сөз жұмбақ шешу»
1.Азия мен Европаны бөліп тұрған тау (Орал)
2.Магмалық тау жынысы (гранит)
3.Тигір,Эфрат өзендерінің арасындағы жазық (Месопатия)
4.Дүние жүзіндегі ең биік тау шыңы (Джомолунгма)
5.Кавказдағы сөнген жанартау (Эльбрус)
6.Башқұртстанның астанасы (Уфа)
7.Ыстық су шапшып тұратын бұлақ (Гейзер)
8.Солтүстік Американың батысындағы тау (Кордильер)
9.Жер шарындағы ең биік тау (Гималай)
Мұғалім: Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін қазыларға берейік
Арамызда тапқыш достар көп екен,
Солардың біз нәтижесін көрейік,-дей келе ендігі қорытынды сөз кезегін қазыларға береміз.
«Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез» -дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.